«ҚостанайЖарылысӨнеркәсіп» қызметкерлеріне берешек жалақы төленді

None
None
ҚОСТАНАЙ. 26 маусым. ҚазАқпарат - Қостанай қаласының прокуратурасы «ҚазақЖарылысӨнеркәсіп» АҚ-ның «ҚостанайЖарылысӨнеркәсіп» бөлімшесіне ұйғарым шығарды.

Қадағалау органы кәсіпорынның басшылығынан 15 қызметкерге жалақыларын төлеуді талап етті. Жалақы қарызы 700 мың теңгеден астам соманы құрады. 

Қостанай қаласының прокуроры Ержан Толысбаев мәлім еткендей, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 87 бабы 3 бөлімі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы қылмыстық іс қозғады.

Қала прокуратурасының ұйғарымын қарастыру нәтижесінде 15 қызметкердің берешек жалақысы толық мөлшерде өтелді. Қызметкерлердің жалақысын уақытында төлемегі үшін Қостанай облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторының қаулысымен «ҚазақЖарылысӨнеркәсіп» АҚ-ның «ҚостанайЖарылысӨнеркәсіп» бөлімшесі айыппұл ретінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ «ҚАЗ-Авто Моторс» ЖШС және  «ҚазАвтоМоторс-Холдинг» ЖШС-да жалақыны кешіктіру бойынша бұзушылықтар анықталды. Олар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 87 бабы 4 бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Соңғы жаңалықтар