Костя Цзю шаршы алаңға қайта оралуы мүмкін
АСТАНА. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат - 63,5 келі салмақтағы кәсіби боксшылар арасындағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы Константин Цзю әлі күнге дейін алдағы спорттық жолы қалай боларын айқындай алмай-ақ келеді. Австралияның «Фокс Спортс Ньюз» телеарнасында сөйлеген сөзінде Цзю кезекті мәрте өзінің жасына (40-қа толды) да қарамастан, тіпті соңғы рет осыдан бес жыл бұрын жұдырықтасқанын ескермегенде де - шаршы алаңға қайта шығып қалуы мүмкін екенін жоққа шығармайтынын мәлімдеді.
«Мен өзімнің кететінім туралы ресми мәлімдеген жоқпын, - деді Цзю. - Рикки Хаттоннан жеңіліп қалғаннан кейін мен ешқашан бокстан мүлдем кеттім дегенім жоқ. Егер дұрыс ұсыныс түсіп жатса, мен рингке қайта оралуымды жоққа шығармаймын. Сайыс айтарлықтай деңгейде болуы қажет. Сақадай сай әзірленіп, күшімді жинап алуым үшін 6 ай ғана қажет, сондықтан қарсыласым айрықша боксшы болуы шарт. Мен атақты қарсыласпен кездесу үшін қандай да ауыртпалықты көтеруге әзірмін».