Қояндарын далаға жіберген неміс блогері миллиондаған жазылушысынан айырылды
АСТАНА. KAZINFORM — Миллиондаған оқырманы бар неміс блогері Алисия Восграу кроликтің өліміне байланысты тергеу шараларына тартылды, деп хабарлайды DW басылымы.
Тамыз айында Шлезвиг-Гольштейн жерінде жануарларды қорғаушыларға Нордерштедт қаласына жақын орманда жүрген төрт үй қояны туралы хабар жеткен еді. Жергілікті жануарлар үйі қызметкерлері оларды ұстауға тырысқан, бірақ біреуін ит талап өлтіріп қойған. Қалған үш қоян қауіпсіз жерге орналастырылды. Ал олардың иесін іздеу барысында дау шығып, жағдай қиындап кеткен.
Яғни жануарлар үйіне жеткен мәлімет бойынша, осыған ұқсас қояндар 27 жастағы блогер Алисия Восграудың видеоларында көрінген. Ол TikTok-та 1,5 млн жазылушысы бар, сондай-ақ Instagram-да 450 мың, YouTube-та 230 мың фанаты бар танымал блогер. Восграу өзін «инфлюенсер-аналар» және балалар кітаптарының авторы ретінде көрсететінін айтып, қояндарды балалар үшін ұстауды тоқтатуға шешім қабылдағанын, күйеуімен бірге оларды орманға әкетіп, жай ғана босатқанын баяндайды.
Оның бұл әрекеті сынға ұшырап, жазылушылардың көпшілігі оның парақшаларынан шығып кетті. Қояндарды тапқан жануарлар үйі полицияға шағымданды. Әйелден жануарлардың күтімі үшін бірнеше мың еуро көлемінде өтемақы талап етіліп жатыр.
Оқиға сондай-ақ жануарларға қатыгездік ретінде де қаралып жатыр. Енді Восграуға 25 000 еуроға дейін айыппұл салынуы мүмкін.
Еске сала кетсек, жануарларды жәбірлейтіндер қоғамға да қауіп төндіретінін айтқан мамандар пікірін хариялағанбыз.