Қойған жерін ұмытып қалған: 82-дегі кейуана жаңа құжат алды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Көші-қон полициясының қызметкерлері Орал қаласының 82 жастағы зейнеткеріне жаңадан жеке куәлік жасап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қойған жерін ұмытып қалған: 82-дегі кейуана жаңа құжат алды

ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, егде жастағы Клавдия Егорова өз жеке куәлігін қай жерге қойғанын ұмытып қалған. Көші-қон полициясының қызметкерлері 1 тамыз күні зейнеткердің үйіне арнайы барып, жаңа құжат рәсімдеп берген.

«Зейнеткер қиын сәтте демеу болып, көмектескен полиция қызметкерлеріне алғыс айтты», - делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.