21:40, 09 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Қою тұман салдарынан Үрімжі әуежайынан 5 мың жолаушы уақтылы ұша алмады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жұма күні сағат 10-да Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінде (Солтүстік-Батыс Қытай) Үрімжі қаласындағы Дивопу халықаралық әуежайынан қою тұманның салдарынан 40 авиарейс кейінге шегеріліп, 19-ы тоқтатылды.

Әуежайдың күту залында 5 мың жолаушы жиналып қалды, деп хабарлайды Синьхуа.
Әуежай әкімшілігі мәлімдегендей, бүгін Дивопу халықаралық әуежайынан 206 рейсті атандырылып, 207 ұшақтың күтіп алынуы тиіс еді. Алайда таңғы сағат 10-дағы жағдайға байланысты кесте бойынша тек алты рейс жіберіліп, 41 кейінге қалдырылды. Ұшып келетін рейстердің жетеуі Турфан және Карамай қалаларындағы қосымша әуежайларға қонса, ал үшеуі кейінге шегерілді.