Қойылған бомба туралы қоңырауға байланысты 400 адамға Петропавл вокзалының ғимаратын босатуға тура келді

ПЕТРОПАВЛ. 17 мамыр. ҚазАқпарат - Қойылған бомба туралы хабарға байланыстыПетропавл теміржол вокзалының ғимаратынан 400-ге жуық адам қауіпсіз жерге шығарылды.
None
None

ТЖ бойынша департаментіне қойылған жарылғыш зат туралы түсауа хабарланды, оқиға орнына шұғыл әрекет ету қызметтерінің мамандары аттанды. Полиция, ТЖ бойынша департаменттің, басқа да күш құрылымдарының қызметкерлері вокзал маңындағы алаңды қоршады. Іс-шаралар барысында бомба табылмады. «Әзілдегішті» іздеу амалдары жүргізілуде.

Салынған жарылғыш заттар туралы жалған хабарлама үшін ҚР ҚК-нің 42 бабы бойынша жазаға тарту көзделеді. Аталмыш бап үш жылға дейін бас бостандықтан айыруды немесе 200-ден 500 АЕК көлемінде айыппұл салуды қарастырады.

Бұл «телефон лаңкестігі» бойынша биылғы бірінші оқиға. 2011 жылы осындай сегіз оқиға тіркелген болатын.

Соңғы жаңалықтар