Қойын дәптерді алмастыратын сұйықкристалды планшет шығарылды

АСТАНА. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат - Improv Electronics компаниясы қағаз түрдегі қойын дәптерлерді алмастыруға арналған Boogie Board сұйықкристалды планшет шығарды. Құрылғы сыртқы әсерге байланысты өзгеретін және жазылғандарды сақтайтын пластик нысанында жасалған,

Қойын дәптерді алмастыратын сұйықкристалды планшет шығарылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.

Құрылғы сурет салып жатқан кезде энергия жұмсамайды. Ол тек өшірген кезде ғана энергияны қажет етеді. Сұйықкристалды планшетке 50 мың бетке жететін шағын батарея орнатылған.