07:27, 31 Мамыр 2014 | GMT +5
Көзі көрмейтін 20 жұптың некесі қиылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының астанасында алғаш рет жанары айырылған жиырма жұптың неке қию рәсімі болып өтті. Топтық неке қию рәсімі бұрындары ұйымдастырылып тұрғанымен, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бұндай шара бірінші рет өткізіліп отыр.
Игі бастамаға мұрындық болған «Әл-Ибрагим» қолдау қоры басшысының айтуынша, бұл үлкен ауқымдағы шараның тек құрамдас бір бөлігі ғана. «Біздің алдымызда мүмкіндігі шектеулі жандардың жандардың өмірін жеңілдетуіміз үшін қыруар жұмыс күтіп тұр», - дейді қор басшысы.
Сондай-ақ, некесі қиылған әрбір жасқа 20 мың риал көлемінде сыйақы беріліп, мерекелік дастархан жайылды. Кәсіби мамандар тарапынан жаңа үйленгендерге ақыл-кеңестер айтылып, арнайы сабақ өткізілді, деп жазады muslim.kz.