ҚПЛ: «Ақтөбе» сырт алаңда «Каспийден» басым түсті
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан Премьер-лигасында ХХVІ турының алғашқы ойынының нәтижесі белгілі болды.
Бұл турдағы бірінші кездесуде «Каспий» (Ақтау) - «Ақтөбе» командалары шеберлік байқасты. Ойын басынан ақтөбелік футболшылар белсенділік танытты. Нәтижесінде олардың қатарынан 39-минутта Даниэль Соса мергендік танытып, өз командасын алға шығарды.
Екінші кезеңде де қос команда есепті өзгертуге күш салды. Ойынның 72-минутында ақтөбелік клубтан Олувасейи Оджо басымдықты арттырса, 87-минутта «Каспий» сапынан Бернардо Моргадо есеп айырмасын қысқартты.
Осылайша «Ақтөбе» сырт алаңда қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.
Дәл қазір «Елімай» (Семей) - «Жетісу» (Талдықорған), «Ордабасы» (Шымкент) - «Астана», «Жеңіс» (Астана) - «Қызылжар» (Петропавл) ойнаса, 20:00-де «Қайсар»(Қызылорда) - «Атырау» шеберлік байқасады.
Сондай-ақ 13 қыркүйекте 16:00-де «Ертіс» (Павлодар) - «Оқжетпес» (Көкшетау), 17:00-де «Ұлытау» (Жезқазған) - «Алтай» (Өскемен), 19:00-де «Қайрат» (Қызылорда) - «Тобыл» (Қостанай) жасыл алаңға шығады.