ҚПЛ: «Алтай» өз алаңында «Қайсарды» сүріндірді

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін футболдан Қазақстан Премьер-лигасы ХХV турындағы «Алтай» (Өскемен) — «Қайсар» (Қызылорда) кездесуінің нәтижесі белгілі болды.

ҚПЛ: «Алтай» өз алаңында «Қайсарды» сүріндірді
Фото: «Алтай» футбол клубы

Турнир кестесінде екі команда іргелес тұрған еді. «Қайсар» 20 ұпаймен 14, Алтай 19 ұпаймен 15-орында келеді. Айырмашылығы — небәрі бір ұпай. Ойында кім жеңіске жетсе, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартып алады. Сондықтан кездесу барысында жанккүйерлер тартысты ойын күтті.

Кездесу барысында өскемендік клубтан 5-минутта Драган Стойсавлевич мергендік танытса, Сейф Попов 61-минутта есепті үстемелей түсті.

Осылайша «Алтай» қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 22 ұпаймен он үшінші орынға көтерілді.

Бұл турда кеше, 5 қыркүйекте 6-турда бір және 25-турда төрт кездесу өтті.

Ойындар нәтижесі

Қазақстан Премьер-лигасы

6 қыркүйек, 6-тур
«Каспий» (Ақтау) — «Қайрат» (Алматы) 0:3

25-тур, 6 қыркүйек
«Оқжетпес» (Көкшетау) — «Ордабасы» (Шымкент) 2:1
«Ақтөбе» — «Жеңіс» (Астана) 1:0
«Жетісу» (Талдықорған) — «Ертіс» (Павлодар) 1:0
«Қызылжар» (Петропавл) — «Атырау» 0:1.

Дәл қазір «Астана» — «Елімай» (Семей), «Тобыл» (Қостанай) — «Ұлытау» (Жезқазған) кездесулері өтіп жатыр.