ҚПЛ: «Астана» елордада «Қызылжарды» қапы қалдырды

АСТАНА. KAZINFORM - Елордалық «Астана» футболдан Қазақстан Премьер-лигасының ІХ турында өз алаңында петропавлдық «Қызылжардан» басым түсті.

футбол
Фото: «Қызылжар» футбол клубы

Кездесу барысында петропавлдық команда алғашқы болып есеп ашты. Бұл голды 47-минутта Юрий Перцух өзінің еншісіне жазды. Бірінші кезеңде астаналық клуб таразы басын теңестіруге ұмтылды. Соған қарамастан таблодағы есеп өзгерген жоқ.

Екінші кезеңде «Астана» сапынан Ян Вороговский 54-минутта есеп ашса, 58-минутта Карло Бартолец мергендік танытты.

Осылайша олар қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 15 ұпаймен бесінші орынға көтерілді.

Сондай-ақ бүгін өз алаңында талдықорғандық «Жетісу» Астананың «Жеңісіне» 2:3, семейлік «Елімай» Ақтаудың «Каспийіне» 0:1 есебімен есе жіберсе, тағы бір кездесуде «Оқжетпес» (Көкшетау) - «Атырау» клубтары 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Дәл қазір «Тобыл» (Қостанай) - «Ертіс» (Павлодар) кездесуі өтіп жатыр.

Екінші ойын күні, 10 мамырда «Ұлытау» (Жезқазған) - «Қайрат» (Алматы), «Алтай» (Өскемен) - «Ордабасы» (Шымкент), «Ақтөбе» - «Қайсар» (Қызылорда) ойнайды.