ҚПЛ: «Астана» сырт алаңда «Қызылжармен» тең ойнады
АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының ХХІІ турында тағы екі ойынның нәтижесі белгілі болды.
Алғашқы кездесуде ақтаулық «Каспий» өз алаңында Семейдің «Елімайымен» 2:2 есебімен тең ойнады.
Бірінші кезеңде ақтаулық клуб сапынан Павел Седько 11, 45-минутта екі мәрте пенальтиден мүлт кеткен жоқ.
Екінші кезеңде семейлік клубтан Айбар Жақсылықов 79-минутта есеп айырмасын қысқартса, 87-минутта Роман Мұртазаев пенальтиден таразы басын теңестірді.
Тағы бір ойында «Қызылжар» (Петропавл) — «Астана» 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Кездесу барысында астаналық клубтан Станислав Басманов 58-минутта есеп ашса, петропавлдық командадан Неделько Пищевич гол соқты.
Сондай-ақ бүгін қостанайлық «Тобыл» сырт алаңда Павлодардың «Ертісінен» 2:0 есебімен басым түсті.
Сондай-ақ бүгін «Каспий» (Ақтау) — «Елімай» (Семей), «Қызылжар» (Петропавл) — «Астана», «Атырау» (Петропавл) — «Оқжетпес» (Көкшетау) кездеседі.
Ал 15 тамызда алматылық «Қайрат» Жезқазғанның «Ұлытауынан», шымкенттік «Ордабасы» Өскеменнің «Алтайынан» 3:1, астаналық «Жеңіс» Талдықорғанның «Жетісуынан» 4:1 есебімен басым түсче, сырт алаңда «Ақтөбе» Қызылорданың «Қайсарын» 2:1 есебімен тізе бүктірді.