Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ҚПЛ: «Астана» турнир кестесіндегі жағдайын жақсарта түсті

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Қазақстан Премьер-лигасында ХVІІ туры мәресіне жетті.

ҚПЛ: «Астана» турнир кестесіндегі жағдайын жақсарта түсті
Фото: «Астана» футбол клубы

Бұл турдағы басты кездесудің бірі «Астана» — «Ақтөбе» арасында өтті. Кездесу барысында қос команда тартысты ойын барысында бес гол соғылды. Оның үшеуі елордалық клубтың еншісіне жазылса, екеуін ақтөбелік командаға бұйырды.
Осылайша «Астана» қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді.

Ал қостанайлық «Тобыл» өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпесін» 3:1 есебімен жеңіп, турнир кестесінде 18 ұпаймен он бірінші орынға жоғарылады.

Ойындар нәтижесі

ХVІІ тур

17 маусым

«Қайрат» (Алматы) — «Қызылжар» (Петропавл) 3:0

21 маусым

«Елімай» (Семей) — «Атырау» 1:2

11 шілде

«Жетісу» (Талдықорған) — «Алтай» (Өскемен) 0:1

«Ертіс» (Павлодар) — «Жеңіс» (Астана) 0:1

«Каспий» (Ақтау) — «Ордабасы» (Шымкент) 3:2

12 шілде

«Ұлытау» (Жезқазған)» — «Қайсар» (Қызылорда) 1:0

«Астана» — «Ақтөбе» 3:2

«Тобыл» (Қостанай) — «Оқжетпес» (Қызылорда) 3:1.

Енді алдағы тур ойындары 18 және 19 шілде күндері өткізіледі.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Ордабасы» алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татқанын жазғанбыз.