ҚПЛ: «Астана» үздік үштікке жақындай түсті
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан Премьер-лигасында ХVІ турдағы «Астана» - «Жеңіс» (Астана) кездесуінің нәтижесі белгілі болды.
Елордалық қос команда арасындағы ойын жанкүйерлер қызығушылығын туғызды. Өткен аптада болған алғашқы айналымның соңғы турында олар тең нәтижеге қанағат білдірген еді.
Кездесу барысында командалар тартысты ойын өткізді. Бір-бірінің қақпасына жиі шабуыл ұйымдастырды. Соған қарамастан ойын тағдырын 40-минутта соғылған жалғыз гол шешті.
Оны елордалық клубтың жас футболшысы Мақсат Абраев өзінің еншісіне жазды. Ол биылғы доп додасында барлығы 16 ойын өткізіп, 3 гол соғып үлгерді.
Осылайша «Астана» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 26 ұпаймен төртінші орынға көтерілді.
Бұл турдағы алты ойын 4 және 5 шілде күндері өткізіледі.
Ойындар кестесі
4 шілде
- 17:00. «Алтай» - «Тобыл»
- 18:00. «Қызылжар» - «Елімай»
5 шілде
- 19:00. «Атырау» - «Каспий»
- 19:00. «Ақтөбе» - «Жетісу»
- 20:00. «Қайсар» - «Ертіс»
- 20:00. «Ордабасы» - «Ұлытау».
Бұл турдағы алдын-ала 27 маусымда өткізілген ойында көкшетаулық «Оқжетпес» өз алаңында «Қайратқа» 1:3 еесбімен есе жіберді.