ҚПЛ: «Ертіс» пен «Елімай» тең нәтижеге қанағат білдірді

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан Премьер-лигасы оныншы турының алғашқы ойын күнінде «Ертіс» (Павлодар) - «Елімай» (Семей) шеберлік байқасты.

«Елімай» футбол клубы
Фото: «Елімай» футбол клубы

Бұл турға дейін павлодарлық клуб қатарынан алты мәрте қарсыластарына есе жіберсе, семейлік команда соңғы төрт ойында жеңістің кілтін таба алмай келді. Сондықтан бұл матчтан жанкүйерлер тартысты ойын күтті.

Сондай-ақ қазақстандық маман Нұрбол Жұмасқалиев «Ертістің» бас бапкер қызметіне келгелі бері алғашқы кездесуін өткізді.

Алғашқы кезеңде павлодарлық клубтан Жан Морел По 27-минутта есеп ашса. екінші кезеңде Рамазан Оразов 48, Акмаль Бақтияров 52-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Ал «Ертіс» сапынан Темірлан Ағыманов 89-минутта таразы басын теңестірді.

Осылайша командалар 2:2 есебіне қанағат білдірді.

Премьер-Лига, Х тур ойындары:

16 мамыр

«Ұлытау» - «Каспий» 0:1

«Оқжетпес» - «Астана» 1:0

«Ертіс» - «Елімай»

Ал 17 мамырда тағы бес кездесу өтеді. Бұл күні көш басында келе жатқан «Қайрат», «Ордабасы» командалары кезекті тур ойындарында жасыл алаңға шығады.

Ойын кестесі

17 мамыр

16:00. «Қызылжар» - «Алтай»

17:00. «Жеңіс» - «Қайрат»

18:00. «Ақтөбе» - «Атырау»

19:00. «Қайсар» - «Тобыл»

20:00. «Ордабасы» - «Жетісу».

Биыл ел біріншілігінде барлығы 16 команда жүлдені сарапқа салады.