Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ҚПЛ: «Каспий» алтыншы жеңісіне қол жеткізді

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы ХІХ турын «Каспий» (Ақтау) — «Жеңіс» (Астана) командалары түйіндеді.

ҚПЛ: «Каспий» алтыншы жеңісіне қол жеткізді
Фото: «Каспий» футбол клубы

Қызылордада өткен кездесуде екі клубтың да жеңіске жету мүмкіндігі аз болған жоқ. Ақтаулық команда соңғы төрт турда ұтылған жоқ. Алдағы ойында қарсыласын қапы қалдырса, олар турнир кестесіндегі жағдайын одан әрі жақсарта түсетін еді.

Ойын барысында «Каспий» алғашқы минуттан алға қарай ұмтылды. Олардың қатарынан 9-минутта Амандық Нәбиханов есеп ашса, 22-минутта елордалық клубтан Жиан Мартинс таразы басын теңестірді.

Ал ақтаулық командадан Андре Амарал 30, Рамазан Абылайхан 52-минутта басымдықты арттырды.

Ойынның 90-минутында «Жеңіс» сапынан Сағадат Тұрсынбай қорытынды есепті белгіледі.
Осылайша ақтаулық клуб қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсіп, алтыншы жеңісіне қол жеткізді.

ХІХ тур

25 шілде 

«Жетісу» (Талдықорған) — «Қызылжар» (Петропавл) 1:2
«Ұлытау» (Жезқазған) — «Ертіс» (Павлодар) 1:2
«Ақтөбе» — «Оқжетпес» (Көкшетау) 2:1

26 шілде

«Тобыл» (Қостанай) — «Атырау» 1:0
«Қайрат» (Алматы) — «Ордабасы» (Шымкент) 2:1
«Астана» — «Алтай» (Өскемен) 4:1
«Елімай» (Ақтау) — «Қайсар» (Қызылорда) 1:2.

Енді алдағы ХХ тур ойындары 2 және 3 тамыз күндері өтеді.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Қазақстан Премьер-лигасы ХІХ турында елордалық «Астана» өз алаңында «Алтай» командасынан басым түсті.