ҚПЛ: «Қайрат» «Ордабасыдан» басым түсіп, бірінші орынға көтерілді
АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы ХІХ турында алматылық «Қайрат» өз алаңында шымкенттік «Ордабасы» командасын қапы қалдырды.
Биыл бас жүлдеден басьы үміткер қос команда Алматыда бас қосты. Алғашқы айналымда Шымкентте өткен кездесуде «Ордабасы» қарсыласын қапы қалдырған еді. Матч барысында қарсыластар жеңіске жетуге бар күшін салды.
Ойынның 14-минутында алматылық клубтан Марк Гуаль гол соқса, 87-минутта Ойва Юккола басымдықты арттырды.
Оған 92-минутта «Ордабасы» шабуылшысы Берн Йонсен бір голмен жауап қайырды.
Осылайша «Қайрат» басты қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.
Айта кетсек, бүгін елордалық «Астана» Өскеменнің «Алтайын» 4:1 есебімен тізе бүктірсе, қостанайлық «Тобыл» өз алаңында «Атырауды» 1:0 есебімен жеңді.
Тағы бір кездесуде «Елімай» (Семей) — «Қайсар» (Қызылорда) 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Айта кетсек, бұл турда 25 шілдеде жезқазғандық «Ұлытау» өз алаңында Павлодардың «Ертісіне», талдықорғандық «Жетісу» Петропавлдың «Қызылжарына» 1:2 есебімен есе жіберсе, дәл сондай есеппен «Ақтөбе» өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпесін» қапы қалдырды.
Бұл турды «Каспий» (Ақтау) -«Жеңіс» (Астана) кездесуі түйіндейді.