ҚПЛ: «Қайрат» пен «Ақтөбе» қарсыластарымен тең түсті

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Премьер-лигасы ХІ турында алматылық «Қайрат» пен «Ақтөбе» өз алаңында қарсыластарымен тең түсті.

Дастан
Фото: «Қайрат» футбол клубы

Бұл турдың екінші ойын күні, 23 мамырға белгіленген кездесудің бірінде «Қайрат» (Алматы) — «Қайсар» (Қызылорда) командалары жасыл алаңға шықты.

Жанкүйерлер көш басында келе жатқан алматылық клуб бұл жолы да жеңісті жолын жалғастырып, кезекті үш ұпайын еншілейді деп жоспарлаған еді. Дегенмен кездесу барысында қызылордалық клуб тәжірибелі қарсыласымен терезесі тең ойын көрсетті.
«Қайрат» матч барысында шабуылға көбірек көңіл бөлді. Оған қызылордалық футболшылар лайықты тойтарыс бере білді.

Осылайша командалар 0:0 есебіне қанағат білдіріп тарасты.

Дәл осындай есеп «Ақтөбе» — «Қызылжар» (Петропавл) кездесуінде тіркелді.
Айта кетсек, бұдан бұрын семейлік «Елімай» өз алаңында елордалық «Жеңісті» 2:1 есебімен сүріндірсе, «Жетісу» (Талдықорған) мен «Атырау» 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Дәл қазір «Тобыл» (Қостанай) — «Ордабасы» (Шымкент) кездесуі өтіп жатыр.
Айта кетсек, 22 мамырда өткен ойындарда елордалық «Астана» Жезқазғанның «Ұлытауын» 3:0, Көкшетаудың «Оқжетпесі» Өскеменнің «Алтайын» 1:0 есебімен жеңсе, «Каспий» (Ақтау) — «Ертіс» (Павлодар) 2:2 есебіне қанағат білдірді.