ҚПЛ: «Оқжетпес» турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді

АСТАНА. KAZINFORM - Бұл турдағы ойындар 2 және 3 мамыр күндеріне белгіленген.

«Оқжетпес» футбол клубы
Фото: «Оқжетпес» футбол клубы

Бұл турдағы алғашқы кездесуде «Қызылжар» (Петропавл) - «Оқжетпес» (Көкшетау) клубтары кездесті.

Командалар биылғы біріншілікті сәтті бастады. жеті турдан кейін жоғары орындарға жайғасты. Сондықтан жанкүйерлер бұл кездесуге ерекше қызығушылық білдірді.

Кездесу барысында қос команда тартысты ойын өткізді. Десе бірінші кезеңде бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.

Ойынның 81-минутында «Оқжетпес» сапынан Әбинұр Нұрымбет соққан гол кездесу тағдырын шешті. Осылайша көкшетаулық клуб қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 15 ұпаймен үшінші орынға көтерілді.

Енді бүгін 2 мамырда екі ойын өткізілсе, 3 мамырға бес ойын белгіленген. 

Премьер-Лига, VIІІ тур ойындары:

2 мамыр

17:00. «Ертіс» (Павлодар) - «Қайрат» (Алматы)
19:00. «Қайсар» (Қызылорда) - «Жетісу» (Талдықорған)

3 мамыр

15:00. «Ұлытау» (Жезқазған) - «Елімай» (Семей)
19:00. «Каспий» (Ақтау) - «Астана»
17:00. «Атырау» - «Алтай» (Өскемен)
18:00. «Жеңіс» (Астана) - «Тобыл» (Қостанай)
20:00. «Ордабасы» (Шымкент) - «Ақтөбе».

Дәл қазір турнир кестесінде 17 ұпаймен алматылық «Қайрат» командасы көш бастап келеді. 

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Бірінші лигада «Шахтер» көш басына шықты.

Жайық
Ұқсас жаңалықтар

Орынбордағы Иреклі қоймасынан Жайыққа жіберілетін су көлемі қайта көбейді