ҚПЛ: «Ордабасы» «Қайратты» жеңіп, көш басына шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Премьер-лигасында ХІІ туры мәресіне жетті.
Бұл турдағы басты матч «Ордабасы» (Шымкент) — «Қайрат» (Алматы) арасында өтті.
Турнир кестесінде алғашқы екі орындағы командалар кездесу барысында тартысты ойын өткізді. Алдымен алматылық клубтан Жоржиньо 14-минутта есеп ашса, оған 28-минутта шымкенттік командадан Ги Килама бір голмен жауап қайырды.

ҚПЛ: «Ордабасы» «Қайратты» жеңіп, көш басына шықты
Фото: «Ордабасы» футбол клубы

Ойынның 64-минутында «Ордабасы» футболшысы Эльхан Астанов кездесу нүктесін қойды. 

Осылайша шымкенттік команда қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 28 ұпаймен көш тізгінін қолға алды. Олардың «Қайраттан» бір ойыны кем.
Бұл турда ойындар 27 және 28 мамыр күндері өткізілді.

27 мамыр

«Алтай» (Өскемен) — «Астана» 1:1
«Ертіс» (Павлодар) — «Ұлытау» (Жезқазған) 1:1

28 мамыр

«Оқжетпес» (Көкшетау) — «Ақтөбе» 2:2
«Қызылжар» (Петропавл) — «Жетісу» (Талдықорған) 3:2
«Атырау» — «Тобыл» (Қостанай) 1:1
«Жеңіс» (Астана) — «Каспий» (Ақтау) 1:0
«Қайсар» (Қызылорда) — «Елімай» (Семей) 2:3
«Ордабасы» (Шымкент) — «Қайрат» (Алматы) 2:1.

Енді алдағы тур ойындары 13 және 14 маусым күндері өтеді. Алдымен 13 мамырда «Тобыл» — «Қызылжар», «Жетісу» — «Оқжетпес», «Қайрат» — «Атырау», «Астана» — «Ертіс» ойнйды.

Ал 14 маусымда «Ұлытау» — «Жеңіс», «Елімай» — «Ордабасы», «Каспий» — «Қайсар», «Ақтөбе» — «Алтай» шеберлік байқасады.