Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ҚПЛ: «Ордабасы» қайтадан бірінші орынға көтерілді

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының ХХ туры мәресіне жетті.

ҚПЛ: «Ордабасы» қайтадан бірінші орынға көтерілді
Фото: «Ордабасы» футбол клубы

Бұл турдағы басты кездесудің бірі «Ордабасы» (Шымкент) - «Тобыл» (Қостанай) арасында өтті. Өткен турда шымкенттік клуб сырт алаңда «Қайраттан» жеңіліп қалған еді. Бас жүлдеге таласты жалғастыру үшін енді олар алдағы ойындарда ұпайдан шашау шығармауы тиіс. «Тобыл» да турнир кестесіндегі жағдайын түзеуі үшін жинақы қимыл көрсетуге тырысты.

Кездесу барысында шымкенттік клубтан Эльхан Астанов 18-минутта есеп ашса, 87-минутта Сергей Малый басымдықты арттырды.

Осылайша «Ордабасы» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті. Нәтижесінде олар қайтадан 46 ұпаймен бірінші орынға көтерілді.

Бұл турда 1 тамызда 3, 2 тамызда 4 ойын өткізілді. Оған қоса тағы бір кездесу 6 мамырда алдын ала ойналды.

ХХ тур

1 тамыз

«Ертіс» (Павлодар) - «Каспий» (Ақтау) 3:2

«Қызылжар» (Петропавл) - «Ақтөбе» 3:1

«Атырау» мен «Жетісу» (Талдықорған) 1:1

2 тамыз

«Ұлытау» (Жезқазған) - «Астана» 0:2

«Жеңіс» (Астана) - «Елімай» (Семей) 0:0

«Оқжетпес» (Көкшетау) - «Алтай» (Өскемен) 4:1

«Ордабасы» (Шымкент) - «Тобыл» (Қостанай)

6 мамыр

«Қайсар» (Қызылорда) - «Қайрат» (Алматы) 1:2.

Енді алдағы 21-тур ойындары 8 және 9 тамыз күндері өткізіледі. Бұл турда 8 мамырда «Алтай» - «Қызылжар», «Жетісу» - «Ордабасы», «Қайрат» - «Жеңіс», «Каспий» - «Ұлытау» кездеседі.

Ал 9 тамызда «Астана» - «Оқжетпес», «Тобыл» - «Қайсар», «Елімай» - «Ертіс» шеберлік байқасады.

Бұл турдағы алдын ала 17 мамырда өткізілген ойында «Ақтөбе» - «Атырау» 0:0 есебіне қанағат білдірген еді.