ҚПЛ: «Тобыл» сегізінші орынға көтерілді
АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Қазақстан Премьер-лигасы ХІХ турында қостанайлық «Тобыл» өз алаңында «Атырау» командасынан басым түсті.
Жылмы-жыл үздіктер қатарынан көрініп жүрген қостанайлық команда биыл доп додасында сылбыр ойынымен жанкүйерлер көңілін таба алар емес. «Атыраудың» да жағдайы мәз емес. Кейінгі турларда қарсыластарына есе жіберіп қойды. Үш кездесуде жеңілістің ащы дәмін татты. Бүгінгі кездесу қалай аяқталатынын алдын-ала болжау өте қиын.
Кездесу барысында қостанайлық клубтан Урош Милованович 26-минутта есеп ашқан еді. Одан кейін ойында гол соғылған жоқ. Ойынның 87-минутында Санжар Сатанов қызыл қағазбен алаңнан қуылды.
Осылайша «Тобыл» қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 22 ұпаймен сегізінші орынға көтерілді.
Оған 45-минутта «Оқжетпес» сапынан Шахбоз Умаров бір голмен жауап қайырды.
Осылайша «Ақтөбе» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 31 ұпаймен үшінші орынға көтерілді.
Айта кетсек, бұл турда 25 шілдеде жезқазғандық «Ұлытау» өз алаңывнда Павлодардың «Ертісіне», талдықорғандық «Жетісу» Петропавлдың «Қызылжарына» 1:2 есебімен есе жіберсе, дәл сондай есеппен «Ақтөбе» өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпесін» қапы қалдырды.
Дәл қазір «Астана» — «Алтай» (Өскемен), «Елімай» (Семей) — «Қайсар» (Қызылорда), «Қайрат» (Алматы) — «Ордабасы» (Шымкент) кездесуі өтіп жатыр.
Бұл турды «Каспий» (Ақтау) — «Жеңіс» (Астана) кездесуі түйіндейді.