ҚПЛ: «Жеңіс» пен «Оқжетпес» тең нәтижеге қанағат білдірді
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан Премьер-лигасын төртінші турын «Жеңіс» (Астана) - «Оқжетпес» (Көкшетау) түйіндеді.
Алғашқы үш турда бұл командалар түрлі деңгейде ойын көрсетті. Көкшетаулық клуб үш ойынде екі жеңіс, бір тең нәтижемен турнир кестесінде жоғары орналасты.
Ал елордалық команда екі тең ойын, бір жеңіліспен төменгі орынның бірін місе тұтты.
Кездесу барысында екі команда жылдам гол соғуға тырысты. Нәтижесінде «Жеңіс» сапынан Зураб Тевзадзе 30-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Ойынның 94-минутында көкшетаулық клубтан Де Ассунсау Леонарду таразы басын теңестірді.
Осылайша командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Өзге ойындар нәтижесі
4 сәуір
«Ертіс» (Павлодар) - «Алтай» (Өскемен) 1:0
«Елімай» (Семей) - «Тобыл» (Қостанай) 1:0
«Қайсар» (Қызылорда) - «Қызылжар» (Петропавл) 0:0 «Ордабасы» (Шымкент) мен «Атырау» 1:1
5 сәуір
«Ұлытау» (Жезқазған) - «Ақтөбе» 1:1
«Каспий» (Ақтау) - «Жетісу» (Талдықорған) 0:1
«Қайрат» (Алматы) - «Астана» 4:0.
Енді бесінші тур ойындары 11 және 12 сәуір күндері өткізіледі. Алдымен 11 сәуірде «Жетісу» - «Елімай», «Атырау» - «Қайсар», «Тобыл» - «Қайрат», «Астана» - «Ордабасы» кездеседі.
Ал 12 сәуірде «Оқжетпес» - «Ертіс», «Алтай» - «Ұлытау», «Қызылжар» - «Жеңіс», «Ақтөбе» - «Каспий» ойнайды.