14:37, 14 Қаңтар 2009 | GMT +5
«ҚПО б.в.» компаниясы қызметкерлеріне Құрмет грамоталары тапсырылды
ОРАЛ. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Бөрлі ауданының әкімі Болат Шәкімов мемлекет алдындағы еңбегі, белсенді қоғамдық қызметі және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг б.в.» компаниясы қызметкерлеріне ҚР Президентінің Құрмет грамоталарын табыс етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жоғары марапатқа бұрғылау және күрделі жөндеу кәсіпшілік қызметінің бастығы Ермұхамбет Дәулетов, ГП-2 ауысым бастығы Берік Ерғалиев, техникалық қызмет шебері Серік Қалиев, техник-механик Алексей Мансуров, жобаны келісу жөніндегі менеджер Олег Попов ие болды. Марапатталғандар өз еңбектерін бағалағаны үшін ризашылықтарын білдірді.