ҚР Әділет министрі Р.Түсіпбеков жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді
ОРАЛ. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - ҚР Әділет министрі Рашид Түсіпбеков жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Министр алдымен «Зенит» зауытында болып, одан кейін әділет департаменті қызметкерлерімен кездеседі.
Түс қайта Рашид Түсіпбеков облыс активінің жиналысына қатысып, халыққа қызмет көрсету орталығына ат басын бұрады.