ҚР АШМ: 2015 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 4,4 пайызға артты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 4,4 пайызға артты. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство вице-министрі Сапархан Омаров мәлім етті.
None
None

"2015 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 4,4 пайызға артып, 2,7 трлн. теңгеге жетті. Мұндай жетістікке өсімдік шаруашылығы өнімінің 5,6%-ға (1,5 трлн теңге) және мал шаруашылығының 3,2%-ға (1,2 трлн теңге) артуының арқасында қол жеткізілді", - делінген министрліктің жыл қорытындысында.

Сонымен бірге, АШМ былтыр тамақ өнеркәсібіне тартылған инвестициялардың көлемін 28 пайызға арттыра алған. Оның жалпы көлемі 55,9 млрд. теңгені құрап отыр.

"Дегенмен ауыл шаруашылығының негізгі капиталындағы инвестициялар 6,3%-ға кеміп, 167,1 млрд. теңге деңгейінде тіркелді", - делінген министрлік xабарламасында.

Соңғы жаңалықтар