ҚР АШМ элеваторлардағы астықты демалыссыз тиеуді ұсынып отыр

АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы министрлігі элеваторлардағы астықты демалыссыз тиеу арқылы экспорт әлеуетін арттыруды ұсынады.
None
None

Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында аталған ведомствоның басшысы Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

Элеватор қуаттарын босату мақсатында астықты экспортқа жөнелту қарқынын арттыру қажеттігіне тоқталған ол: «Вагондардың жетіспеушілік проблемасы бар, дегенмен ол шешілуде. Сонымен қатар жергілікті жерлерде де проблема орын алуда. Әсіресе, мереке күндері элеваторлар жабылып, астық тиелмейді. Мұны жергілікті атқарушы органдар бақылауға алып, әрбір күнді жоғалтпай демалыс және мереке күндері де астық тиеуді қамтамасыз етуі тиіс», - деді ол.

Оның алға тартқан деректеріне қарағанда, еліміз ай сайын шамамен 1 миллион тонна астықты, 300 мың тонна ұнды экспортқа шығарып отыр. Бірақ бұл көрсеткіш жаңа өнім жиналғанға дейін элеваторларды босатуға жеткіліксіз.

Соңғы жаңалықтар