ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Қарағандыда агрокеңес өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Қарағанды облысында жұмыс сапарымен болып қайтты.
None
None

Ведомоство басшысы және облыс әкімі Бауыржан Әбдішев Осакаров ауданының ауыл шаруашылығында пайдаланылатын техникаларын көріп, танысты. Сонымен бірге Қарағанды облысының аграрлық өнеркәсіптік даму кешенінің көрмесін тамашалады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Соңынан агрокеңестің пленарлық жиыны болып, онда күзгі егін жұмыстарына дайындық барысы пысықталды. Жиынға ауыл шаруашылығы саласындағы ғалымдар, аудан және округ әкімдері, облыстық басқарма басшылары, ауыл шаруашылығы кәсіпкерлері, «ҚазАгро» холдингінің басшылығы қатысты.

Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Ғалым Әшімов күн тәртібінде тұрған көкейкесті мәселелерді баяндады. Қарағанды облысында ағымдағы жылда 766 мың гектар егін егу жоспарланып отыр, бұл 2013 жылдан 37,6 мың гектарға көп. Соның ішінде дәнді дақылдар 686 мың гектар, майлы дақылдар - 27 мың гектар және жем - 45 мың гектар. Картоп пен жеміс-жидектерді егу сәйкесінше 7500 және 1400 гектардан жоспарланып отыр.

Көктемгі егіс үшін 70 мың тонна дәнді дақыл тұқымы, 28 мың картоп тұқымы бар, бұл тұқымға деген қажеттілікпен 100% қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, егіс науқанында 20 мың бірлік ауылшаруашылық техникасы жұмылдырылып, соның ішінде 5 600 трактор, 118 қазіргі егісті кешендер және 7 мың тұқымсепкіш тартылып отыр.

Келелі кеңесте сондай-ақ Осакаров ауданының әкімі Сержан Аймақов, дәнді- шаруашылық өндірістік-ғылыми орталығының бас директоры Жексенбай Бараев, Қарағанды өсімдіктану және селекция ғылыми-зерттеу орталығының директоры Рашит Нұрғазиев баяндама жасады. Ал Нұра ауданының «Шахтер» шаруашылығының басшысы Георгий Прокоп, Абай ауданындағы «Шанс» шаруа қожалығының жетекшісі Игорь Жабяк, сондай-ақ ауылшаруашылығы министрлігінің облыстық территориалдық инспекциясының басшысы Қарабай Шушиков аталмыш сала бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.

Соңғы жаңалықтар