ҚР Бас прокуратурасы алқасының отырысында есірткі бизнесімен күресте құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру мәселелері қаралды

АСТАНА. Маусымның 20-сы. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қайрат Мәмидің төрағалық етуімен ведомствоның алқа отырысы өткізілді,

ҚР Бас прокуратурасы алқасының отырысында есірткі бизнесімен күресте құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру мәселелері қаралды
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Отырыста құқық қорғау органдарының есірткі мен жүйкеге әсер ететін заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы ықпал ету бойынша жедел-іздестіру қызметінің заңдылығы, сонымен қатар есірткі сатудан түскен қаржыларды жылыстатумен күресу жағдайына қатысты мәселелер талқыланды.Алқа отырысында ұлттық қауіпсіздік органдарының, ішкі істер органдарының, кеден органдары мен қаржы полициясы органдарының өкілдері қатысты.Алқа отырысында Бас прокурор прокурорлық тексерулердің нәтижесінде құқық қорғау органдарының қызметінде күрделі мәселелер анықталғанын атап өтті.? Құқық қорғау органдарының есірткіге қарсы қызметі қойылған талаптарға сай емес. Жыл сайын есірткіні тасымалдау мен өткізу фактілері анықталуы жалғасуда. Тұтастай алғанда, 2008 жылы республика бойынша заңсыз айналымнан 28 тонна көлемінде әртүрлі есірткі заттары алынған, ол 2007 жылмен салыстырғанда 16,1 пайызға артық, оның ішінде героин 1,5 тоннаны құрап отыр, - деді Қ. Мәми.Бас Прокурордың айтуынша, Қазақстанда жыл сайын нашарқорлыққа ұшыраған адамдардың саны көбейіп, героин мен синтетикалық есірткілерді тұтыну артып отыр.Егер 2000 жылдың қорытындысы бойынша есепте 38 мыңнан астам адам болса, қазіргі таңда 54 мыңнан артық адам есепте тұр, соның ішінде 4,5 мыңы әйелдер және 3800 астамы балалар. Талқылау нәтижелері бойынша құқық қорғау органдарына заңсыз айналымның соңғы сатысы болып табылатын есірткі бизнесінен түскен қаржыларды заңдастыру фактілерін анықтау жұмысын жандандыру ұсынылды. Сонымен қатар, алқа отырысы барысында құқық қорғау органдар арасындағы, сонымен қатар шекаралас мемлекеттермен өзара әрекеттесуді одан әрі жетілдірудің өзекті мәселелері талқыланды. Тиісті ақпаратпен алмасуды қамтамасыз ету мақсатында Ішкі істер министрлігіне өзге органдармен бірлесе отырып, есірткі бойынша ведомствоаралық мәліметтер базасын құру мәселесін қарастыру ұсынылды.Сонымен қатар, есірткі өндіру орындары, нашақорлардың жиналатын жері, есірткі ордалары туралы ақпарат алмасуды үнемі қамтамасыз ету қажеттілігіне аса назар аударылуда.Кеден комитетіне мемлекеттік шекарадағы бақылауды күшейтуге бағытталған толыққанды шаралар қабылдап, есірткі жасырынған жүктердің кеден шекарасынан өтіп кетуіне жол беретін жағдайлар мен себептерді анықтау ұсынылды.Құқық қорғау органдарының ішкі қауіпсіздік қызметінің жұмысын нығайтуға және өз қатарында сыбайлас жемқорлықпен күресуді арттыруға ерекше екпін қойылды.