ҚР Бас прокуратурасына жеке және заңды тұлғалардан бес жүзден астам өтініш түсті
АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат – 2009 жылғы наурыздың 9-ы мен 13-і аралығында ҚР Бас прокуратурасына жеке тұлғалардан 471 және заңды тұлғалардан 76 өтініш түскен. Бұл жөнінде қадағалау органының баспасөз қызметі хабарлады.
Олардың 206-і төмен тұрған құрылымдарға, оның ішінде 25-і бақылауға алынып жіберілді. Қалғандары ҚР Бас прокуратурасының құрылымдық бөлімшелерінде шешілу алдында тұр.Оңтүстік Қазақстан облысынан ? 48, Қарағанды облысынан ? 46, Ақмола облысынан ? 44, Солтүстік Қазақстан облысынан ? 37, сондай-ақ Алматыдан ? 66 және Астанадан ? 50 өтініш түсті.Тікелей азаматтардан - 239, ҚР Президентінің Әкімшілігі арқылы ? 66, басқа ведомстволар мен министрліктерден ? 25, «Нұр Отан» ХДП арқылы 14 өтініш түсті.Сонымен қатар, ҚР Бас прокуратурасының жеке қабылдауына 44 азамат, оның ішінде құрылымдық бөлімшелердің бастықтары ? 3 адамды қабылдады.Түскен барлық өтініштер бақылауда тұр деп түсіндірді республиканың қадағалау органы.