ҚР Бас прокурорының қатысуымен Ақмола облыстық прокуратурасының кеңейтілген алқа мәжілісі өтті

КӨКШЕТАУ. 17 қаңтар. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - ҚР Бас прокуроры Қайрат Мәмидің қатысуымен өткен Ақмола облыстық прокуратурасының кеңейтілген алқа мәжілісінде 2010 жылғы жұмыстардың қорытындысы сарапталып, қадағалау қызметінің ағымдағы жылға белгіленген негізгі бағыттары айқындалды.
None
None

Алқада атап көрсетілгендей, өткен жылы прокурорлар азаматтардың құқықтарын және мемлекет мүддесін қорғау бағытында елеулі істер атқарған. Прокурорлық ықпал ету шараларымен 11,5 мыңнан астам адамның конституциялық құқықтары қорғалып, 450 миллион теңге жалақы төлемі бойынша берешек өндіріліп алынды. Жалақыны дер кезінде есептемегені үшін және еңбек заңнамаларының бұзылуына жол берген 98 лауазымды тұлға түрлі жауапкершілікке тартылды.

Прокурорлар бизнес саласындағы 230-дан астам бұзушылықты анықтап, 50-ге тарта заңсыз актілердің күшін жойды, 83 лауазым иесі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сыбайлас жемқорлықпен байланысты 400 заң бұзушылық анықталып, мемлекетке келтірілген 9 миллион теңге зиян өтелді.

Мәжіліс қорытындысы бойынша сөз алған ҚР Бас прокуроры өңір прокурорларының әлеуметтік-экономикалық салада, азаматтардың еңбек құқықтарын қамтамасыз ету бойынша, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты жер қатынасы, табиғат қорғау заңнамаларын қадағалаудың тиімділігін арттыруға ерекше назар аударды.

Соңғы жаңалықтар