ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінде «электрондық үкіметті» жүзеге асыру жөніндегі Үкіметтің көшпелі отырысы өтеді

АСТАНА. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат - ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен қыркүйектің 21-і күні «электрондық үкіметті» жүзеге асырылу мәселелері жөніндегі Үкіметтің көшпелі отырысы болады,

ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінде «электрондық  үкіметті» жүзеге асыру жөніндегі Үкіметтің көшпелі отырысы өтеді

деп хабарлайды Байланыс және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Іс-шара барысында ҚР Үкіметінің мүшелеріне электрондық үкіметтің жаңартылған порталы таныстырылып, «е-лицензиялау» порталы жұмысының, төлем шлюзінің мақсаттары көрсетіледі, сонымен қатар қызмет көрсету орталығы, гермоаймағы мен сall-орталық бойынша таныстыру жұмыстары жүргізіледі.