ҚР БҒМ «SciVerse Scopus» тегін мәліметтер базасына жазылуға 240 млн.-нан астам теңге жұмсаған - Есеп комитеті

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрлігінің комитеті 2014 жылы «SciVerse Scopus» мәліметтер базасының тегін болғанына қарамастан, оған жазылу үшін 240 млн.-нан астам теңге жұмсаған. Бұл туралы Есеп комитетінің республикалық бюджеттің орындалуын бақылау бойынша отырысының барысында белгілі болды.
None
None

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, отырыста мемлекеттің ғылыми-инновациялық саласындағы активтерін басқару тиімділігін бақылау, республикалық бюджеттің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларын, негізгі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға бөлінген қаражатты пайдалану қорытындылары шығарылды.

Өткізіліп отырған ғылыми зерттеулер нәтижелерін тәжірибелік қолданудың тиімді механизмінің жоқтығы, оларды енгізудің (коммерциялау) төмен деңгейі атап өтілген. Экономика салаларында енгізілуге дайын аяқталған өнімді алудың мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламаларын іске асыру жолға қойцылмаған.

Білім және ғылым, ауыл шаруашылығы, инвестициялар және даму министрліктері ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті дамытуға бағытталған стратегиялық міндеттерді қалыптастыруды және іске асыруы қанағаттанарлықсыз дәрежеде қамтамасыз еткен.

Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдаудың экономикалық тиімділігі мен нәтижелілігін бағалауды ұйымдастыруды жүргізбеген деуге болады, делінген хабарламада.

Ғылыми жобалар байқауының іріктеу процесінде мүдделер дауына жол берілетіні анықталған. Аталған жобалардың басшылары болып табылатын Ұлттық ғылыми кеңесінің мүшелері оларды қаржыландыру туралы бірқатар шешімдер қабылдаған.

Соңғы жаңалықтар