Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев Маңғыстау облысының білім нысандарымен танысады

АҚТАУ. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында бүгін түске дейін Қарақия ауданының орталығы Құрық кентіндегі бірқатар білім нысандарында болмақ.

 ҚР Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев Маңғыстау облысының білім нысандарымен танысады
Түстен кейін Ақтау қаласында өтетін Республикалық пәндік олимпиаданың ашылуына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Құрық кентінде министр 1200 орындық мектептің ашылуы салтанатына қатыспақ. Одан соң жаңа мектепке жұмысқа шақырылған ұстаздарға жаңадан салынған үйлерден пәтер кілттерін табыс етеді. Сапары барысында ведомство басшысы осы кенттегі 120 орындық «Болашақ» балабақшасының қызметімен де таныспақ.