ҚР Білім және ғылым министрлігі ЕҚЫҰ саммитін өткізуге дайындық мәселелері жөнінде Астананың жоғарғы оқу орындарының ректорларымен кеңес өткізді

АСТАНА. 20 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов Астана қаласының сегіз жоғары оқу орны ректорларымен кеңес өткізді. Кездесудің біден-бір тақырыбы ЕҚЫҰ саммитіне дайындықты талқылау болды, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

ҚР Білім және ғылым министрлігі ЕҚЫҰ саммитін өткізуге дайындық мәселелері жөнінде Астананың жоғарғы оқу орындарының ректорларымен кеңес өткізді

ҚР Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, Саммитті өткізуге қатысу үшін астаналық жоғары оқу орындарының ағылшын тілін білетін 555 волонтер-студентінің тізімі бекітілді. Олардың ішінде 196 студент волонтер ретінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қарауына беріледі, жоғары оқу орындары мен колледждердің 227 студенті ҚР Президенті Іс басқармасының қарамағына өтеді. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі де өз қарамағына қосымша 30 студентті сұратты. Волонтер-студенттер Астана қаласының теміржол вокзалында гид-саяхат жүргізуші ретінде ақпараттық қызметтер көрсету үшін «Вокзал-сервис» АҚ қарамағына беріледі. Осындай қызметтерді олар Саммит қонақтарына елорданың хылақаралық әуежайында да көрсетеді. Волонтерлер дипломатиялық корпус пен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне де көмектесетін болады.