ҚР бірінші вице-премьері облыс әкімдіктеріне 15 маусымға дейін ЭДСМ-ге моноқалаларды дамыту жоспарларының жобасын ұсынуды тапсырды

ТЕМІРТАУ. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Бірінші вице-премьер Серік Ахметов облыс әкімдіктеріне 15 маусымға дейін келісу үшін Экономикалық даму және сауда министрлігіне әр шағын қаланы дамытудың кешенді жоспарларының жобаларын ұсынуды тапсырды.

ҚР бірінші вице-премьері облыс әкімдіктеріне 15 маусымға дейін ЭДСМ-ге моноқалаларды дамыту жоспарларының жобасын ұсынуды тапсырды

Мұндай тапсырманы ол бүгін Теміртауда өткен моноқалаларды дамыту мәселелері бойынша республикалық семинар-кеңесте берді.

«Облыс әкімдіктері 15 маусымға дейін әр шағын қаланы дамытудың кешенді жоспарын келісу үшін Экономикалық даму және сауда министрлігіне ұсынсын. Комиссияда біз бұл жобаны қарастыратын боламыз, әкімдер оларды қорғайды», - деді С. Ахметов.

Өз кезегінде Экономикалық даму және сауда министрлігі осы жылдың 1 шілдесіне дейін облыс әкімдіктеріне кешенді жоспарлардың жобаларына қатысты ескертпелерін жолдап,   мемлекеттік қолдау білдіру үшін инвестициялық жобаларды конкурстық негізде іріктеп алуы тиіс.