«ҚР-дағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңға ауыл жастарына қатысты арнайы баптарды енгізу қажет - Н.Өтешев

АСТАНА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - «ҚР-дағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңға ауыл жастарына қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет.
None
None

Бұл пікірін бүгін «Нұр Отан» ХДП Орталық кеңсесінде өткен брифингте «Жас Отан» ЖҚ-ның атқарушы хатшысы Нұрлан Өтешев жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, «Дипломмен - ауылға!» бағдарламасын толыққанды жүзеге асыру үшін «ҚР-дағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңға ауыл жастарын қолдауға қатысты арнайы баптарды енгізу қажет. Себебі, бағдарлама бойынша ауылдық жерлерде жұмыс істеуді қалап жатқан жастар бар болғанымен, олардың қарқыны мен ынтасы күткен нәтижеден әлі де алыс.

Бүгінде аталмыш жобаны жүзеге асыру аясында «Жас Отан» ЖҚ Қазақстанның Ауыл жастары одағымен, ҚР Ауыл шаруашылығы және Мәдениет және ақпарат министрліктерімен бірлескен медиа-жоспарға қол қойып, оның аясында республикадағы жоғары және арнаулы оқу орындарда аталмыш бағдарламамен таныстыру бойынша ақпараттандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Айта кетейік, бағдарламаны негізгі жүзеге асырушы Ауыл шаруашылығы министрлігі болып табылады. Ауылдарға еңбек етуге жіберілген жастарға баспанамен қоса, 90 мың теңге көлемінде біржолғы көтерме қолдау қаражаты берілуде. Ал келесі жылдан бастап осы жастар мемлекеттік қордан 0,01 пайыздық мөлшерлемемен 900 мың теңгеге дейін несие алу құқығына ие болады.

Бағдарламаның алғашқы нәтижелері үстіміздегі жылдың соңында шығарылады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар
Референдум