ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақтөбеде облыстық аурухананың ашылу салтанатына қатысты
АСТАНА. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі С.Қайырбекова Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында облыстық аурухананың ашылу салтанатына қатысып, жаңа дәрігерлік амбулаторияны аралап көрді.
Бұл туралы министьрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл емдеу мекемелері «100 аурухана» және «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік тіректер және емханалар» бағдарламалары шеңберінде салынды.
Жаңа нысандарды аралау кезінде Министр Салидат Қайырбекова жаңа емдеу ұйымдарында мамандар жетіспеушілігі проблемасы және заманауи құралғылармен жұмыс істеуде қиындықтар болмайтынына көз жеткізді.
Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Қ.Сабырдың айтуынша, жаңа ауруханада Оңтүстік Корея, Ресей, сондай-ақ Еуропада оқып қайтқан жоғары білікті медицналық және ғылыми қызметкерлер жұмыс істейтінін болады.
Аурухана әлемдік жетекші өндірушілердің ең озық диагностика және емдеу құралдарымен жабдықталған. Компьютерлік және магнитті-резонансты томограф, ангиограф, озық ультрадыбыстық сканер, «жасанды бүйрек» және «жасанды бауыр» аппараттары, баркокамералар орнатылған.
Осы орайда Министр Елбасы Н.Назарбаевтың тиісті мамандар және құралғылар болған жағдайда ғана жаңа емдеу мекемелерін салып, іске қосу керектігі туралы сөзін еске салды.
Сондай-ақ, Салидат Қайырбекова жергілікті атқарушы органдар назарын денсаулық сақтау нысандарын заңнама шеңберінде салып, мерзімінде іске қосу керектігіне аударды.
Ағымдағы жылы республика бойынша жалпы 197 денсаулық сақтау нысанын салу көзделген, оның ішінде 6 стационар (4 аурухана, 1 перинаталдық орталық және перзентхана), 21 емхана, 167 дәрігерлік амбулатория және 3 өзге объект (жедел медициналық жәрдем қосалқы стансасы және қосымша корпустар) бар. Қазір уақытта олардың ішінде 75 емдеу мекемесі пайдалануға беріліп, халыққа қызмет көрсете бастады.
Бұл іс-шаралардың барлығы халыққа көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.