ҚР Денсаулық сақтау министрі С. Қайырбекова сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуді талап етті

АСТАНА. 30 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова ведомствоның кезектен тыс алқа отырысын өткізді, онда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күрес бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің (МСЭҚК) қызметі мәселесі қаралды.

ҚР Денсаулық сақтау министрі С. Қайырбекова сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуді талап етті

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Алқа отырысын өткізуге еліміздің бірқатар өңірінде мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметкерлері арасында 2012 тіркелген сыйбайлас жемқорлық фактілері себеп болды.

Мекеме басшысы МСЭҚК өңірлік департаменттерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күрес жұмыстарын күшейтуді талап етті.

Бұл салада қадағалауды әлсіретіп алғаны үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы Ж.Бекшинге қатаң сөгіс жарияланды. Оған сыбайлас жемқорлық қылмыстары және тәртіп бұзушылық орын алған МСЭҚК-нің облыстық департаменттерінің директорларына қатысты қатаң тәртіптік жаза қолдану тапсырылды.