ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Еңбек гигиенасы ұлттық орталығының директорына қатысты қылмыстық іс қозғалды
АСТАНА. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат - ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) Қарағанды облысы бойынша департаменті ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар ұлттық орталығының директорына қатысты қылмыстық іс қозғады.
Қаржы полициясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР Қылмыстық кодексінің І бөлімі 307-бабымен (лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану) іс қозғалды.
«Қызметтік өкілеттігін пайдаланып, ол қызмет мүддесіне қайшы, өзі үшін пайда және артықшылықтар алу үшін «Білімпаз» ЖШС-дан «Қарағанды жылу транзиті» ЖШС қызметкерлері үшін оқыту семинарын конференц-залда өткізу үшін жалға алу төлемін алған», - делінген баспасөз баспасөз қызметінің хабарламасында.
Мемлекетке 207 мың теңге залал келтірілген. Істің басқа мән-жайы хабарланбаған.