13:46, 07 Маусым 2017 | GMT +5
ҚР ДСМ Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің төрайымы тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР денсаулық сақтау министрінің бұйрығы бойынша Ботагөз Шаймарданқызы Жақселекова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің төрайымы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz .

Ботагөз Жақселекова 1980 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. 2001 жылы Қостанай мемлекеттік университетін, 2010 жылы Exeter University-ді (Ұлыбритания) тәмамдаған. Білімі бойынша - заңгер, мемлекеттік басқару магистрі.
2001-2013 жылдары ҚР Әділет министрлігінде жұмыс істеген. 2013-2015 жылдары - Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде қызмет еткен. 2015 жылдан бастап қазіргі күнге дейін «СК-Фармация» ЖШС басшы қызметтерін атқарған.