ҚР-дың халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесі атануының негізін қалаған құжаттары жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі Твиттердегі парақшасына Қазақстанның әлемдік саяси аренада халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесі атануының негізін қалаған құжаттарды жариялады.
None
None

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Президент пен Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық аренада жасаған алғашқы қадамдарын еске түсіруге шақырамыз.

1991 жылдың 31 желтоқсанында Мемлекет басшысының БҰҰ-ның Бас хатшысы Х.де Куэльярға Қазақстан Республикасын БҰҰ-ның мүшелігіне қабылдау туралы жолдаған өтініші.

Қазақстан Республикасының БҰҰ-ның Жарғысындағы міндеттемелерді өзіне жүктеу туралы декларация.

Назарларыңызға ҚР-ның әлемдік саяси аренада халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесі ретінде атануының негізін қалаған құжаттар ұсынылады», - деп жазылған хабарламада.

Соңғы жаңалықтар