19:22, 13 Мамыр 2009 | GMT +5
ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Халықаралық валюта қоры миссиясының мүшелерімен кездесу өткізді
АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде ведомство басшысы Бақыт Сұлтановтың миссия басшысы Тимоти Каллен бастаған Халықаралық валюта қоры миссиясы мүшелерімен кездесуі болды.

Осы кездесу Халықаралық валюта қоры келісімнің IV бабына сәйкес консультациялар үшін Халықаралық валюта қоры миссиясының Қазақстанға сапары аясында өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесуде ағымдағы экономиканың даму, ҚР Үкіметінің бюджет және салық саясаты, 2010-2011 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы, 2009-2010 жылдарға арналған экономика және қаржы жүйелерін тұрақтандыру бойынша ҚР Үкіметінің, ҚР Ұлттық банкінің және ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының жұмысын реттеу және қадағалау агенттігі бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру мәселелері талқыланды.Сонымен қатар, Астанада Халықаралық валюта қорының миссиясы ҚР Үкіметінің, ҚР Қаржы министрлігінің, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің, ҚР Индустрия және сауда министрлігінің, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және басқа ұйымдардың басшыларымен кездесулер өткізеді.Қалыптасқан тәжірибеге сәйкес Халықаралық валюта қоры миссиясының сапары бойынша өзінің қорытынды мәлімдемесін ұсынатын болады.