14:53, 27 Қыркүйек 2010 | GMT +5
ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Алматы облысындағы аккумуляторлы батареялар экспортерінің жобасын мақұлдады
ТАЛДЫҚОРҒАН. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Алматы облысындағы «ZHERSU POWER» ЖШС - аккумуляторлы батареялар экспортерінің жобасын мақұлдады.
Алматы облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының аймақтық бөлімшесінің директоры Ринат Талтүсов хабарлағандай, жоба «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша субсидияланады. Компанияға қаржылай қолдау мемлекет тарапынан субсидиялау түрінде Халық банкінің несиелері бойынша пайыздық мөлшерде жасалады. Яғни компания несие бойынша 6 пайызды төлесе, қалған 8 пайызы «Даму» Қоры» Ақ арқылы мемлекет тарапынан қайтарымсыз қаржыландырылады.