ҚР еңбек сіңірген қайраткері Рымкеш Жұмаділованың шығармашылық кеші өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 қазан күні кешкі 17 сағат 00 минутта Абай атындағы опера және балет театрында белгілі опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рымкеш Жұмаділованың шығармашылық кеші өтеді.
None
None

Бағдарламада халық композиторлары мен Қазақстан композиторларының, сондай-ақ шетел композиторларының романстары мен операларынан ариялар орындалады.

Айта кетейік, Рымкеш Жұмаділова 1957 жылы Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Қарамеңді ауылында туған . 1986 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. Қазір Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік опера және балет театрында әнші және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ұстаз.

Соңғы жаңалықтар