ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Алматы облысының жастарымен кездесті

Министрдің жергілікті атқарушы билік өкілдерімен келіссөздер жүргізуі кезінде Тілдер үйінде облыс жастарына арналған әлеуметтік-еңбек саласы қызмет көрсетуінің тұсаукесері өткізілді және онлайн-режимде «Қазақстандағы жұмыс» порталын көрсетті.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Тілдер үйінде аймақ жастарымен, үкіметтік емес секторлар және жекеменшік жұмыспен қамту агенттіктерімен кездесіп, олардың жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Кездесу барысында жастар ұйымының үш жобасының тұсауы кесілді, жекеменшік жұмыспен қамту агенттігі сөз сөйледі.
Содан кейін, Т. Дүйсенова «Казцинк-ТЭК» ЖШС қызметімен таныспақ болып, Текелі моноқаласына қарай шықты. Мұнда «Казцинк-ТЭК» ЖШС кәсіпорнының ұжымымен және «ТАТЭК» ЖШС басшыларымен, «Кайнар - АКБ» ЖШС, «ТК Метакон» ЖШС, «Инфроэнерго» ЖШС кездесу жоспарланған. Еңбек министрі Мемлекет басшысының міндетті зейнетақы жарналарын енгізу жөніндегі тапсырмасын түсіндіретін болады.