ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Өскеменде кеңес өткізді

ӨСКЕМЕН. 1 қазан. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов Өскемен қаласында ШҚО бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің өкілдерімен кеңес өткізді.
None
None

Оған Шығыс Қазақстан облысы бойынша зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың филиалы, «Мемлекеттік аннуитеттік компания» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ, «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбекті қорғау бойынша республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМКК-ның Шығыс Қазақстан облысындағы филиалы және Шығыс Қазақстан облысының зейнетақы қорларының филиалдары өкілдері қатысты. 

С.Әбденовтың айтуынша, облыста кәсіпорындардың жалақы қарыздарын өтеу бойынша үлкен жұмыс өткізілді. Департамент пен құқық қорғау органдарының тәртіпке шақырған жұмысының арқасында қарыз сомасы 800 миллионнан 20 миллионға дейін төмендетілді.

«Министрлік әлеуметтік шиеленіс картасын жасай бастайды. Онда проблемалық нүктелер: жасырынған жұмыспен қамтылған кәсіпорындар,  банкротқа ұшыраған кәсіпорындар көрсетіледі. Бұдан басқа жұмысшыларды өтемсіз демалысқа жіберетін, жұмыс күнін қысқартатын сәттер бар. Дегенен 2009 жылмен салыстырғанда олардың көзі жойылды деп айтуға болады. Жалпы алғанда, картаға халыққа айрықша ауырпалық түсіретін мәселелер кіргізіледі.

Министрдің пікірінше, ең ауыр мәселе - медициналық-әлеуметтік сараптама проблемалары.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша жағдайды «Грантам» зейнетақы қорының облыстық филиалы директорының орынбасары Наталья Васильева түсіндіріп өтті.

Нәтижесінде, проблемалық мәселелерді талқылаған кеңестің қатысушылары бірлесе отырып жұмыс істеу керек деген түйінге келді. Министр Әбденов аталған бағытта бұдан былай да жүйелі жұмыс жасауды міндеттеді.

Соңғы жаңалықтар