12:19, 11 Қараша 2013 | GMT +5
ҚР халық әртісі Нұржамал Үсенбаева Прагада алтын мүсінше мен «Golden Europea» дипломына ие болды
АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстанның халық әртісі Нұржамал Үсенбаева Еуропа өнер одағының «Golden Europea» жоғары марапатына ие болды,

деп хабарлады Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрынан.
Салтанатты гала-концерт Праганың Рудольфинумында қатерлі ісікпен ауыратын балаларды қолдауға және оларды жаңа технологиялармен жабдықталған заманауи мекемелерде емдеуге қаржы жинау үшін өткізілді.
Опера әншісі елімізге алтын мүсінше және «Golden Europea» дипломымен оралды. Айта кеткен жөн, әлемде небәрі 20 адам ғана осы марапаттың иегері атанған. Қайырымдылық гала-концертінде Нұржамал Үсенбаева әлемдік опера сахнасының жұлдызы, баритон дауысты чехиялық Филип Банджакпен бірге Оңтүстік Чехия камералық оркестрінің сүйемелдеуімен ән шырқады. Дирижері - Петр Хромчак.