ҚР ІІМ Алматы және Алматы облысы жол полициясының жұмысына риза емес

АСТАНА. 7 қаңтар. ҚазАқпврвт- ҚР ІІМ Жол полициясы комитеті 2011 жылдың қараша-желтоқсан айларында Алматы қаласы мен Алматы облыстарының Ішкі істер департаменттері жол полициясы басқармаларының қызметтеріне жоспарлы кешенді қызметтік тексеріс жүргізді.
None
None

Тексеріс барысында Алматы қаласы мен Алматы облыстарының Ішкі істер департаменттері жол полициясы басқармалары қызметтерін ұйымдастыруда елеулі, жүйелі кемшіліктер мен олқылықтар анықтады.

ІІМ бұйрықтары мен нұсқаулықтарының тиісті орындалуы қамтамасыз етілмейді, оларды іске асыру бойынша жүйелі бақылау жүзеге асырылмайды.

ІІД-нің Жол полициясы басқармалары аудандық жол полициясының бөліністеріне тиісті әдістемелік және практикалық көмек көрсетпейді.

ІІМ мен Бас прокуратураның талаптарына қарамастан, зардап шеккендері бар жол-көлік оқиғаларын есепке алу саласында ретке келтіру бойынша шаралар қабылданбаған.

Жол полициясының құқық пайдалану қызметін ұйымдастыруда елеулі кемшіліктер мен олқылықтар бар. ІІД-нің Жол полициясы басқармалары жазалаудан құтылмаушылық қағидасының орындалуын қамтамасыз етпейді.

Көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін беру кезінде заңдылықты бұзушылықтар анықтады.

Сонымен қатар тексеріс барысында Алматы қаласы ІІД Жол полициясы басқармасының басшылығы құрамының тарапынан жол полициясы жасақтарының қызмет өткеруіне бақылау жүргізілмейтіні анықталды.

Аталған бөліністер «Жол қызметі және жол қозғалысын ұйымдастыруын жетілдіру саласында ережелер, нормативтер мен стандарттарды сақтауына жол полициясы бөліністерінің мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру бойынша ережені бекіту туралы» ІІМ-нің 2002 жылғы 21 ақпандағы № 103 бұйрығының талаптарын орындамаған.

Алматы қаласы мен Алматы облысының ІІД ЖПБ-ның қызметін ұйымдастыруда көрсетілген кемшіліктер мен олқылықтар жол полициясы басқармалары басшылықтарының тарапынан тиісті бақылаудың болмауы мен жол полициясы бөліністеріндегі жауапты адамдардың функционалдық міндеттерін тиісті орындамауы нәтижесінде орын алды.

Кешенді тексеріс нәтижесі бойынша жол полициясы бөліністерінің кінәлі жауапты адамдары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде Ішкі істер министрінің бұйрығымен бірқатар басшылар лауазымдарынан босатылды.

 

Соңғы жаңалықтар