ҚР ІІМ басшысы Жамбыл облысында «Динамо» спорт кешені жанында бірқатар спорттық секциялар ашуды тапсырды

АСТАНА. Қарашаның 30-ы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - ҚР Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов өзінің Жамбыл облысына жұмыс сапарында жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың проблемасына көңіл аударды.
None
None

 Бұл туралы бүгін брифингте ІІМ-нің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өткізген тікелей желі барысында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандығын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті  қорғауды күшейту жөнінде 2 мыңнан астам сұрақтар түскен. ҚР ІІМ басшысы тікелей желі барысында жүктелген тапсырмаларды орындау мақсатында Жамбыл облысына ат басын тіреді.

Қ. Жұмановтың айтуынша, ведомство басшысы облыстағы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасындағы қылмыстық ахуалды тұрақтандыру бағытындағы полиция жұмысының тиімділігін арттыруға, осы іске мүдделі өкілетті органдардың және қоғамдық ұйымдардың арасындағы іс-қимылды арттыруға үлкен мән берді.

«Министрдің тапсырмасы бойынша, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрестің жай-күйіне және кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға мониторинг жасайтын арнайы жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына Ішкі істер министрлігінің, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, білім беру, мәдениет және спорт органдардың, сондай БАҚ өкілдері кірді. Сондай-ақ министр Тараз қаласының кәмелетке толмағандарына «Динамо» қоғамының спорт кешені жанында бірқатар спорт секцияларын ұйымдастыруды тапсырды», деп атап көрсетті Қ. Жұманов.

Соңғы жаңалықтар